Антикор: Премьер-министрдің бұрынғы кеңесшісі ұсталды
Желіде бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілініп, ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы ПД УҰИ-да қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Ерлан Қожағапанов екі рет мәдениет және спорт ведомствосын екі рет басқарған:
- 11.2017 жылдан 08.2019;
- 04.2021 жылдан 13.09.2021 жыл аралығында аталған министрлікте вице-министр болған.
Түрлі жылдары Астана мен Алматы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2021 жылдың қыркүйегі мен 2022 жылдың сәуір айында Премьер-министрдің кеңесшісі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исламабадта Қазақстан – Пәкістан саяси консультациялары өтті
Өзгелердің жаңалығы