Антикор мектепте ақша жинағандар туралы айтты

Антикор №159 алматылық гимназиядағы ақша жинау фактісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы № 159 гимназия әкімшілігі мектептің жөндеу жұмыстарынан ата-аналардан ақша жинағаны туралы ақпарат тарады.

Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім басқармасымен бірлесіп егжей-тегжейлі тексеру жүргізу үшін комиссия құруға бастамашы бола отырып, аталған жазбаны түсіндірді. 

Ақша жинау фактісі бойынша бірнеше ата-ана мектеп әкімшілігін хабардар етпестен, кеңсе жиһазын жаңарту және орындықтарды жөндеу үшін өзге ата-аналардан ақша жинауды ұйымдастырғаны анықталды, - деп хабарлады Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Комиссия ата-аналармен түсіндірме жұмысын жүргізіп, 114 мың теңге көлеміндегі ақша ата-аналарға қайтарылып берілді. Ал гимназия директорына қатысты бақылауды әлсіреткені үшін тәртіптік шаралар қабылданды.

Тексеру барысында мектеп жыл сайын бюджет қаражаты есебінен жөнделетіні анықталды, биыл мектепті жөндеуге бюджеттен 15 млн теңге қарастырылған, - делінген жазбада. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы