Антикор Маңғыстаудағы Денсаулық сақтау басқармасына қатысты істі растады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифингте айтты.
Осыған дейін әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ол қызмет бабын пайдаланып, рентген аппараттарын жоғары бағамен сатып алуға өтініш жасады деген ақпарат тараған еді.Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол коронавирус індетімен күресу аясында медициналық қондырғыға бөлінген қаражатты сатып алу кезінде қызметтік құзыретін асыра пайдаланғаны үшін үшін айыпталып отыр. Қазіргі таңда жетекшілердің біреуі күзетпен ұстау түріндегі шараға алынды. Қалған ақпарат тергеу бойынша жария етілмейді, - деді ол.Сондай-ақ Бекайдаров жыл басталмай жатып 28 лауазымды тұлға ұсталғанын айтты.
Жыл басталғалы Антикор 250 сотқа дейінгі істі тіркеді. 28 лауазымды тұлға ұсталды. Күзетке 22 азамат алынды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көлік салығын төлеу бойынша ТОП-10 сұрақ
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы