Антикор Махамбет Әбжанның отбасы мүшелерінің шоттарына шектеу қойылмағанын жеткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антикор Махамбет Әбжанның отбасы мүшелерінің шоттарына шектеу қойылмағанын жеткізді.
Күдікті Махамбет Абжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде оның кәмелетке толмаған балаларының банктік шоттарында орын алған «шектеулер» туралы ақпараттың жеделхат-арналардың бірінде таратылуына байланысты, бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз, - делінген хабарламада.
Тергеу аясында күдіктінің өзінің ғана банктік шоттарына ғана шектеулер қойылды.
Айта кетейік, Антикор журналист Махамбет Әбжанды 50 млн пара алып жатқан жерінен ұстады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы