Антикор: Экология министрлігінің бірқатар қызметкері тергеліп жатыр
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады, деп хабарлайды BAQ.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Антикор Дубайда өткен көрмеге байланысты ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Біз Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз, - делінген ведомство хабарламасында.
Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бап шеңберінде өзге ақпарат жарияланбайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ пен Ұлыбритания әуе соққысын жасады
Өзгелердің жаңалығы