Антикор бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрінің қандай қылмысқа барғанын айтты

Антикор бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрдің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша Мәдениет және спорт экс-вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады.

Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV Өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған, – деді агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Тілеукеновтың мәлімдеуінше, күдіктіге қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік анықталған және оған тыйым салынды. Тергеу жалғасуда, – дейді Тілеукенов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы