Антикор "Айка тізімі" бойынша істі тергеп жатқанын айтты
Антикор "Айка тізімі" бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров брифинг барысында айтты.
Қылмыстық іс Астана қаласы бойынша Департаментте тергеу сатысында тұрғанын растаймыз. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша барлық факті тексерілуде. Біз ақпарат жаңартылған жағдайда хабарлаймыз, - деп хабарлады агенттік өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ғаламторда "Айка тізімі" деген атаумен клиенттердің жеке деректері таралып кеткен еді. ІІМ ақпараттың таралуы бойынша қызметтік тергеуді бастағанымен кейін оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде де қолға алған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда қоқысты тағамға ауыстыратын акция басталады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы