Антикор: Асыра бағалауға әкімдік пен білім беру ұйымдары жол береді

Агенттіктің ресми өкілі сатып алу мониторингінің нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Агенттіктің ресми өкілі сатып алу мониторингінің нәтижелерін жариялады.

2023 жылдан бастап 53,8 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражаттарын тиімсіз жұмсаудың алды алынды. Ал 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша сатып алу мониторингі барысында оның саны жалпы 12,4 млрд теңгені құрады. Асыра бағалау көрсеткіштері көбінесе кеңсе тауарларын сатып алу, тамақ өнімдері және үй-жайды жалға алу бойынша жиі анықталады,-деп атап өтті ол.

Сондай-ақ мұндай асыра бағалауға қай ұйымдардың жиі баратынын атады.

Ұйымдар бөлінісінде мұндай асыра бағалауларға әкімдік аппараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары жол береді. Мысалы, Қонаев қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің осы жылдың қаңтар айында жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 4 бу қазындықтарын сатып алу бойынша байқау өткізілген. Бағасы 1,3 млрд теңгеге көтерілген шарт тапсырмасын беруші мен өнім беруші арасында 1,2 млрд теңгеге шарт қайта жасалды. Бұл кездегі үнемдеу – 1,3 млрд теңгені құрады,-деді агенттіктің ресми өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы