Канада елшілігінің маңынан антеннасы бар қара жәшіктерді байқадым – куәгер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канаданың Қазақстандағы елшілігінің маңындағы аймақты қоршағанын көрген Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мән-жайды айтып берді, деп хабарлады Baigenews.kz.
Наталья гүл сататын дүкенде жұмыс істейді. Ол бұған дейін елшілікке қарама-қарсы тұрған көлікті тексеріп жатқанын көрген.
Айтуынша, мұндай жағдайлар бұл жерде болып тұрады, тек осы жағдай алаңдатарлықтай болды.
«Территорияны тұтас қоршап тастады, адамдар да, көлік те жүре алмады. Көлік басындағыдай Канада елшілігінің жанында тұр. Полицейлер көлікті біреу тастап кетті деді. Бұл жерде қоршау, полиция келу дегендер болып тұрады. Тек осы жағдай ұзаққа созылды. Полиция шамамен сағат 11-ден бастап қоршай бастады. Бұның бәрі жарты сағат бұрын ғана аяқталды», - деді Наталья.
Айтуынша, көлікті бронежилет киген полицейлер тексерген.
«Біреуді ұстағандай не біреу айғайлады дейтіндей дауыс шыққан жоқ. Көліктің қасында антеннасы бар қара жәшік болды, полицейлер көліктен бірдеңе шығарып құйды. Ол жерде бір рюкзак па, сөмке ме болды», - деді әйел.