1 Қараша 2025 2025, 23:45 Фото: pixabay.com

Антарктидада 6 миллион жыл бұрынғы ауа табылды

Антарктидадағы Аллан-Хиллз аймағында ғалымдар жасы 6 миллион жыл болатын мұз қабаттары мен ежелгі ауаны тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Антарктидадағы Аллан-Хиллз аймағында ғалымдар жасы 6 миллион жыл болатын мұз қабаттары мен ежелгі ауаны тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Зерттеу АҚШ-тағы Вудс-Хоул институтының гляциологы Сара Шеклтон жетекшілігімен жүргізілді.

Изотоптық талдау кезінде Антарктида сол дәуірде қазіргімен салыстырғанда 12°C жылырақ болғаны анықталды.

Зерттеу нәтижелері беделді Proceedings of the National Academy of Sciences (PNAS) журналында жарияланды.