Антарктида маңында жер сілкінісі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Америка мен Антарктида арасында орналасқан Оңтүстік Шетланд аралдарының аймағында қуаттылығы 7 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы РИА Новости Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап хабарлады.
Дүмпулер жергілікті уақыт бойынша 23:36-да 40 шақырым тереңдікте тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Чилидің Пунта-Аренас қаласынан 1 328 шақырым және Чилидің Бернардо-О'Хиггинс зерттеу станциясынан 216 шақырым жерде орналасқан.Чили ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар басқармасы (ONEMI) Чили антарктикалық аймағына цунами қаупі барын жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан әкімі жерлестерінің ренішіне жауап берді
Өзгелердің жаңалығы