Анталияда садақ атудан рейтингілік турнир өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан халықаралық жарыстар тізбегі коронавирус індетіне байланысты наурыз айынан бері тоқтап тұр. Алайда, Халықаралық садақ ату федерациясы рейтингілік турнирлерді жалғастыруды жөн көрген деп жазады Olympic.kz.
Коронавирус індетіне байланысты садақ атудан биылғы маусым толықтай тоқтатылды. Әлем кубогі кезеңдері мен құрлықтық чемпионаттар өткізілмейді.Бірақ әлемдік ұйым спортшылардың біртіндеп жарыс алаңына оралуын ұйымдастыруды көздеген. Сол себепті, 2-4 қазан күндері Түркияның Анталья қаласында садақ атудан рейтингілік халықаралық турнир өтеді.
Ұйымдастырушылар жарыс кезінде барлық қауіпсіздік және санитарлық талаптарды сақтауға міндеттелген. Жалпы алғанда, рейтингілік турнирлер шымылдығы 1 қыркүйекте түріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау қалыпты жағдайға айналуы тиіс – Ерлан Сайыров
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы