25 Қараша 2024 2024, 06:18
Фото: interfax.com
Анталия әуежайына қонған ресейлік ұшақ өртке оранды
Анталия әуежайында ресейлік ұшақ өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.
Анталия әуежайында ресейлік ұшақ өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, әуежайға қонған соң ресейлік "Азимут" әуе компаниясының Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағы өртке оранған.
Әуе кемесінің Сочи қаласынан ұшып шыққаны белгілі болды.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ұшақтың қозғалтқышы жана бастаған, одан соң жалын әрі қарай тараған. Өрт дереу сөндірілді, барлық жолаушы мен экипаж мүшелері дер кезінде эвакуацияланғаны айтылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Әуе компаниясы кері рейс үшін резервтік бортты дайындап жатыр.