Қарағандының жас тәртіп сақшылары ант қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды қаласының Олимпийский көшесінде облыстық Полиция департаментіне қарасты басқармалар мен бөліністердің 800-ге жуық қызметкері салтанатты шеру жасап, 25 жас қызметкер ант қабылдаса, 10 полиция қызметкеріне алғашқы арнаулы атақтары берілді, деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.
Салтанатты шараны облыстық Полиция департаментінің бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Файзуллин Ерлан Жұмасейтұлы ашып, барша тәртіп сақшыларын салтанатты шарамен құттықтап, жас қызметкерлерге алдыңғы буын ағалардың ізін жалғап, қызметтерін адал атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау саласында ел тыныштығы үшін аянбай еңбек етулерін басты назарға салып, алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі.Сондай-ақ, жас қызметкерлерді ант қабылдау салтанатты шарасымен Қарағанды облысы Ішкі істер органдары және Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұман Нұрпейісов те құттықтады. Жас қызметкерлердің ант қабылдау шарасы аясында жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің көрнекі жаттығулары көрсетіліп, іс-шара соңы полиция қызметкерлері мен арнайы техникалардың шеруімен аяқталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығыс Қазақстан облысында ситуациялық орталық ашылады
Өзгелердің жаңалығы