Ант берген соң қауіпке төземіз –полиция қызметкері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Шымырқұлов қызметтік міндеттерін адал орындап, жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге байланысты Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың құрмет грамотасымен марапатталды. 

«Басшылық жұмысын адал істеген қызметкерлерді ескеріп отыр. Мен министрдің сыйақысымен әне құрмет грамотасымен марапатталып отырмын. Бізге көрсетілген міндеттерімізді абыройлы адал істеу үшін мақсаттарды орындап, жұмыстарымызды атқарып жатырмыз. Біздің жұмысымызда күнде қауіп, ант берген соң қауіпке төзімді болып, адал жұмыс істеп, берілген міндеттерді орындау керек», - деді ол.

Шымырқұлов Елбасы айтып кеткен терроризммен күрес бойынша жүктелген міндеттерді атқарып отырғандарын атап өтті. 

«Ұрлық жағынан да арнайы қылмыстар ашып жатырмыз. Бір жылдары естеріңізде болса, тікұшақпен 5 млн АҚШ доллларын ұрлап бара жатқан ұрыларды ұстағанбыз. Ол полиция департаментінде мұндай бірінші рет болған еді. Сейфпен пәтерлерді тонап кетіп, сол сейфті өзім айқындағам. Ол кезде марапатталдым. «Ең үздік қызметкер» болдым», - деп айтты басқарма бастығының орынбасары.

Ол әріптестерін құттықтап, жүктелген міндеттерді абыройлы орындап, қиыншылыққа төзімді болуларын тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы