Әншілер енді фонограммамен ән айта алмайды
Әншілердің фонограммамен ән айтуына тыйым салу туралы бұйрыққа министр қол қойып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kg сайтына сілтеме жасап.
Бұл бұйрық 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді.
Министрлік қарамағындағы барлық мәдениет және білім беру мекемелерінде, концерттік шаралар мен мәдени жиындарда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды. Бұл санатқа театр, филормония, мұражай мен кітапхана ішінде ән айту да кіреді,-деп жазылған бұйрықта.
Сондай-ақ министр қол қойған бұйрықта ән кешін ұйымдастырған мекеме басшылығының әншілер үшін жауап беретіні жазылған. Яғни қандай да бір талап бұзылса нақты шараға сол ұйымдастырушы тарап тартылады.
Қазақстанда да дәл осы фонограмма мәселесі 2020 жылы қозғалған. Тіпті министрлік мәдениет туралы заңға толықтыру енгізу үшін парламентке ұсыныс та жібергенін мәлімдеді. Бірақ бұл мәселе сол күйі аяқсыз қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдан 327 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Келесі жаңалық
Батыста жел күшейіп, көктайғақ болады
Өзгелердің жаңалығы