«Аңсаған сәби» 3 мыңнан астам әйелге бақыт сыйлады
Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында 2021 жылдан бастап 2026 жылға дейін экстракорпоралдық ұрықтандыруға жыл сайын 7000 квота бөлуді көздейтін «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаны іске асыру кезінде 3 мыңнан астам әйелде жүктілік басталды, көптен күткен 2 300 бала дүниеге келді, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, балалар мен жүкті әйелдерді, оның ішінде қауіп топтары бар балаларды зерттеп-қарау және консультация беру үшін Пренаталдық ультрадыбыстық зерттеу скринингін жүргізуді ұйымдастырудың жаңа стандарты бекітілген.
18 Ұрықты сақтау орталығы ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 6%-ға артып, 79% болды. Сонымен қатар зат алмасудың тұқым қуалайтын 49 ауруына жаңа туған нәрестелерге скрининг жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, қауіп тобындағы барлық балалар қаралып, 177 бала жатқызылды. 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингпен қамту 81,5%-ға дейін артты, - деді Ажар Ғиният.