Анна Данилина Жаңа Зеландиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Окленд (Жаңа Зеландия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Анна — словакиялық Виктория Хрунчакова финалда чехиялық Мария Боузкова — америкалық Бетани Маттек-Сандспен бас жүлде үшін кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық-словакиялық жұп 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте тай-брейкте чехиялық-америкалық дуэт сәтті ойнады — 7:6 (7:5).

Супер тай-брейкте Данилина мен Хрунчакова жеңісті жұлып алды — 10:8. Осылайша, Анна Данилина жаңа жылдағы алғашқы титулына қол жеткізді, - делінген федерация хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚТФ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы