Анна Данилина WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Бразилия өкілі Беатрис Хаддад-Майямен дуэтте АҚШ корттарында WTA әйелдер арасындағы қорытынды турнирде алғаш рет жеңіске жетіп, оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан-Бразилия тандемі қазіргі турнирдің кейбір фавориттерін, сондай-ақ әлемдік әйелдер турының көшбасшылары - Габриэла Дабровски (Канада) мен Джулиана Олмосты (Мексика) жеңе алды. 

Анна мен Беатрис жұбы соңғы турнирдің басында әлемдегі ең мықты әйелдер дуэттерінің бірін екі сетте 7:5, 6:0 есебімен жеңді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы