2 Маусым 2023 2023, 03:52
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Анна Данилина «Роллан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Франция ашық чемпионатында (Ролан Гаррос) жұптық сындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Франция ашық чемпионатында (Ролан Гаррос) жұптық сындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші 1/32 финалдық кезеңінде венгериялық теннисшісі Тимея Бабошпен бірге румыниялық және жапониялық Моника Никулеску - Макото Ниномияны екі сетте 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 4 минутта аяқталды.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші қазір WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) жұптық рейтингінде 25-орында тұр, бұл - қазақстандық спортшылар арасындағы үздік нәтиже.