Кеше 2026, 22:24 Фото: instagram.com/_annadanilina_

Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің финалына жолдама алды

Жартылай финалда Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, Жапония мен Тайвань өкілдері Сюко Аояма және Лян Энь-Шоге қарсы кортқа шықты.

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның ашық чемпионаты – «Ролан Гаррос» турнирінің финалына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстанның Теннис федерациясы мәлім етті.

Жартылай финалда Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, Жапония мен Тайвань өкілдері Сюко Аояма және Лян Энь-Шоге қарсы кортқа шықты.

1 сағат 35 минутқа созылған кездесуде қазақстандық-сербиялық жұп сенімді ойын көрсетіп, қарсыластарын екі сетте 7:5, 6:2 есебімен жеңді.

Енді 7 маусым күні өтетін шешуші матчта Данилина мен Крунич «Үлкен дулыға» турнирінің чемпиондық атағы үшін жарыстың басты фавориттері саналатын чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсенд жұбына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Анна Данилинаның «Ролан Гаррос» финалына шығуы қазақстандық теннис үшін маңызды жетістік саналады.