Анна Данилина Италиядағы турнирдің чемпионы атанды

Бариде өткен WTA 125 сериясы турнирінде жұптық сында мықты теннисшілер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Топырақ төсенішінде өткен жарыста қазақстандық теннисші Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачева жеңімпаз атанды.

Финалда теннисшілер италиялық Анжелика Морателли мен мексикалық Рената Заразуамен кездесті.

Ойын 6:1, 6:3 есебімен аяқталды. Матч бір сағатқа созылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ktf.kz
Өзгелердің жаңалығы