Анна Данилина Гонконг турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Анна Данилина Гонконг WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге жартылай финалда грузиялық Оксана Калашникова – белоруссиялық Александра Сасновичпен жолықты.
Бірінші партияда А.Данилина мен А.Панова 4:1 есебімен алға кеткенімен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады – 4:6.
Екінші сетте О.Калашникова – А.Саснович ойын тізгінін берген жоқ – 6:3. Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында олар 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қазақстандық-ресейлік жұп 1 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жәнібек Әлімханұлы бүгінгі жеңісі жайында пікір білдірді
Өзгелердің жаңалығы