Анна Данилина Еуропадағы жарыстың финалына жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Мадридте өтіп жатқан ITF W60 турнирінің финалына жолдама алды, деп жазды aikyn.kz.
Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге жартылай финалда мажарстандық Тимея Бабош және ресейлік Валерия Савиныхқа қарсы ойнады. Қазақстандық-ресейлік жұп үш сетке созылған тартысты матчта 6:4, 3:6, 10:8 есебімен жеңіске жетті.
Бүгін А.Данилина мен А.Тихонова жұбы соңғы бәсекеде қытайлық Лу Цзя Цинь және жапониялық Ю Сяодимен бас жүлдені сарапқа салады.
Бұған дейін ерлер арасындағы додаларда жұптық сында Андрей Голубев пен Григорий Ломакин жарыс жолынан шығып қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мобильді интернетті Түркиядан артық пайдаланады
Өзгелердің жаңалығы