29 Ақпан 2024 2024, 20:32
Фото: olympic.kz
Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Остин (АҚШ) WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Остин (АҚШ) WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина – қытайлық Шуай Чжан бастапқы кездесуін италиялық Луция Бронзетти – қытайлық Сиюй Ванмен сәтті өткізді.
Қазақстандық-қытайлық жұп бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде 6:3, 6:0 есебімен ойсырата ұтты.
Анна Данилина – Шуай Чжан жартылай финалға шығу үшін аустралиялық Оливия Гадеки – ұлыбританиялық Оливия Николлспен кездеседі.