Анкарада толассыз жауыннан су тасыды

Түркия астанасында толласыз жаңбыр жауып, қаланың кей аудандарын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Әсіресе шаһардағы жер асты жолдары суға тез толып, көлік қозғалысы қиындады. 

Өткелдерде тұрып қалған бірнеше көліктен адамдар аман-есен құтқарылды. Түркия сауда палатасы кәсіподағының жиын өткізу үшін құрған шатыры құлап қалған. Жапа шеккендер жоқ. Шаһар билігі су тасқыны салдарымен күрес жүріп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Хабар24
Өзгелердің жаңалығы