Анкарада өндіріс, ғарыш және ІТ салаларындағы ынтымақтастық талқыланды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Өнеркәсіп және технологиялар министрі Мехмет Фатих Кажырмен өнеркәсіп, ғарыш және ІТ салаларында өзекті мәселелер мен ағымдағы жылға арналған жоспарларды талқылап, инвестициялық әріптестікті кеңейту жөнінде пікір алмасты.

Түрік министрі тұңғыш түрік ғарышкерінің ғарышқа ұшуы және оның ғылыми миссиясы туралы ақпарат беріп, екіжақты және Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде де ғарыш бағдарламалары саласындағы өзара қарым-қатынастарды дамыту қажеттілігіне назар аударды. Осы тұрғыда, министр бірінші түркі ғарышкері қазақ екенін және Қазақстанның ғарыш саласында бай тәжірибесін ерекше аталып өтті.

Елші Түркияның өнеркәсіпті дамыту тәжірибесін аталып өтіп, еліміздің инвестициялық тартымдылығы, сондай-ақ энергия мен шикізат қол жетімділігі туралы мәлімдеп, түрік өндіріс кәсіпорындарын Қазақстанға көшіруді ұсынды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты қарым-қатынастың аталған бағыттары бойынша әріптестікті одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы