Англия шылым шегумен күресте жаңа айлаға көшті

Англияның Денсаулық сақтау министрлігі шылым шегуге қарсы жаңа жоспар құрды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоспар бойынша елде шылым шегуден бас тартатын әр бесінші адамға тегін вейп ұсынылатын болады. Жоба 1 млн адамды қамтиды деп күтілуде.

Мұндай қадам - шылымның зияндылығын азайтуға бағытталған саясаттың бөлігі. Британиялық сарапшылардың сөзінше, бұл елдегі жұқпалы емес ауруларға қатысты жағдайға оң әсерін тигізіп қана қоймай, 2030 жылға қарай шылым шегетіндердің санын 5%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Мәселен, ДДСҰ мұндай көрсеткіш мемлекетті «шылым түтінінен таза» деп тану үшін жеткілікті деп санайды.

11 сәуірде Policy Exchange талдау орталығында өткен «Сұрақ және жауап» шарасы барысында Англияның Денсаулық сақтау министрі Нил О'Брайен 2030 жылға қарай шылым шегуді 5%-ға төмендетуге бағытталған шаралар туралы баяндады. Бұл шара адамдарды шылымнан бас тартуға, адамдардың зияндылығы аз тұтанбайтын өнімдерді қолдануға, 18 жасқа толмағандарға вейптерді, шылым шегетін жүкті әйелдерге арналған ваучерлерді заңсыз сатумен күресуге және т.б. ынталандыруды көздейді.

Бұл ретте елде шылым сату жасын 18 жастан деп көтеру идеясынан бас тартылды. Нил О'Брайен мұндай заңды шектеулерді енгізу арқылы қазіргі саясаттан тым қатты ауытқып кететінін айтты. Оның айтуынша, қоғам белсенділері мен Парламент депутаттарының осы мәселеге қатысты қысымына қарамастан, жаңа шаралар пакетінде тыйым салу көзделмегенін түсіну қажет. Бұл саясаттың мақсаты - адамдарға шылымды тастауға көмектесу.

Үкіметтің жаңа жоспарына сәйкес, шылым шегетіндерге «шылымды тастағың келсе, айырбаста» схемасы ұсынылады. Схема бойынша, ұсынысты қабылдаған азаматтарға тегін вейп жинағы берілетін болады. Министрлердің сөзінше, бұндай схема әлемде алғаш ұсынылып отыр.

Кампания қатысушылары бұл шараларды «дұрыс бағыттағы көптен күткен қадам» деп атады. Дегенмен шылыммен күресте бұл шара «жеткіліксіз» екенін мәлімдеді. Мәселен «Asthma + Lung» UK қайырымдылық ұйымының өкілі Сара Макфэдьен вейпинг бәріне бірдей жаға бермейтінін алға тартты. Ол шылым шегетіндерге жаман әдеттен арылуға көмек көрсететін қызметтер ұсынылуы тиіс деп есептейді. Ал бұл қызмет темекі өндірісінен түсетін пайда есебінен қаржыландырылуы қажет дейді.

Британиялық сарапшылардың пікірінше, Англиядағы әйелдердің шамамен 9%-ы жүктілік кезінде шылым шегеді. Аталған бастаманы ұсынғандардың айтуынша, жыл соңына дейін олардың барлығы шылым шегуден бас тартатын болады. Бұл бағдарламаның жүкті әйелдерге ұсынылған бөлігі әлі де нақтыланбаған. Дегенмен, шылым шегетін жүкті әйел бағдарлама принциптерін соңына дейін ұстанатын болса, олар жүктілік мерзімінің соңына дейін ваучерлермен толық қамтылады. Ал оның құны 400 фунт стерлингке жетуі мүмкін.

Сондай-ақ шылым қорабында міндетті түрде шылым шегуден бас тарту бойынша ұсынымдар орналастырылатын болады.

Нил О 'Брайеннің сөзінше, «мінсіз әлемде» адамдар шылым шекпей, электронды шылымды пайдаланбас еді. Алайда шынайы өмірде шылым шегуден қарағанда вейпингдің зияны айтарлықтай аз дейді.

Өз кезегінде, «Forest» шылым шегушілердің құқықтарын қорғау тобының директоры Саймон Кларктің пікірінше, мәжбүрлеуден гөрі адамның білімін жетілдіру тәсілін қолданған жөн.

Біз Үкіметтің шылым шегуден бас тарту мәселесінде қамшылаудан гөрі ақылмен жеткізу тәсілін қолданып жатқанына қуаныштымыз. Расымен вейпинг шылым шегуден қарағанда қауіпсіздеу балама саналады. Себебі оны қолдану барысында зиянды және уытты заттектер пайда болмайды, сондай-ақ ол тұтандыруды қажет етпейді. Сол себепті шылым шегетіндерді вейпке көшуге бағыттау жақсы бастама. Дегенмен, шылым шегетін ересек адамдар шылым шегуді таңдаса, Үкімет оның таңдауына түсіністікпен қарауы қажет, - деді ол.

Жалпы алдағы екі жылда «шылымды тастағың келсе, айырбаста» бағдарламасын қаржыландыруға шамамен 45 миллион фунт стерлинг жұмсалуы мүмкін.

Аталған бастама елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрліктерінің бюджеті есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Photodjo
Өзгелердің жаңалығы