Англия COVID-19-бен ауырғандар үшін міндетті оқшаулауды алып тастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Англия 24 ақпаннан бастап COVID-19 кезінде өзін-өзі оқшаулауды сақтау туралы міндетті талапты алып тастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

 Бүгінгі стратегия біздің Англиядағы өміріміздің қалай ұйымдастырылатыны туралы. Біріншіден, біз қалған барлық ішкі шектеулерді алып тастаймыз. Осы бейсенбіде, 24 ақпанда, біз COVID-19 үшін оң тестілеуден кейін өзін-өзі оқшаулау туралы міндетті талапты алып тастаймыз, – деді Джонсон парламентте сөйлеген сөзінде.

 Англия қаңтар айының соңында мекемелерге, үй-жайларға кіру үшін COVID-сертификаттарын пайдалану, бетперде режимі және қашықтан жұмыс істеу талаптарын алып тастады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы