19 Шілде 2026, 07:36
Фото: скрин
Англия әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде ағылшындар Францияны 6:4 есебімен жеңді.
Англия матчты өте қарқынды бастап, алғашқы таймда төрт гол соқты. 3-минутта есепті Деклан Райс ашса, 18-минутта Эзри Конса баспен дәл соққы жасады. Артынша Букайо Сака 37 және 45-минуттарда екі рет мергендік танытып, үзіліске дейін есепті 4:0-ге жеткізді.
Екінші таймда Франция ойынға қайта оралды. Килиан Мбаппе 48 және 66-минуттарда дубль жасаса, 54-минутта Брэдли Барколя есеп айырмасын қысқартты.
87-минутта Букайо Сака пенальтиден үшінші голын соғып, хет-трик авторы атанды. Ойынның соңғы минутында Усман Дембеле Францияның төртінші голын салды. Алайда ізінше Джуд Беллингем қарсы шабуылды нәтижелі аяқтап, матчтың қорытынды есебін белгіледі.