5 Қазан 2025 2025, 03:40
Фото: Filip Singer / Getty Images
Ангела Меркель Украинадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырды
Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель Еуропаны қорғаныс қабілетін күшейтуге қоса, Украинадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеуге назар аударуға үндеді, деп хабарлайды BAQ.KZ EA Daily-ге сілтеме жасап.

Ресей-Украина қақтығысы бойынша біз әскери тұрғыдан күшеюіміз керек, Еуропа мұны жасап жатыр. Бірақ қырғи-қабақ соғыс кезінде де дипломатия әрдайым қажет болды, дәл қазір де солай, - деді Меркель.
Ол сондай-ақ Еуропа елдерін дипломатиялық қадамдардың оқиғалардың одан әрі дамуына ықпалын алдын ала бірлесіп ойластыруға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін қазіргі Германия канцлері Фридрих Мерц ЕО қаржысынан «дрон қабырғасын» салу идеясын сынға алған болатын.