Анель Пимичева: "Мен тек құжат бойынша ғана орыспын"

Сайыстарда өзімді қазақтың орыс қызы деп таныстырамын. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының жас ғылымдар клубының тең төрайымы Анель Пимичева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Жас ғалымдар кеңесі ашылды. Анель Пимичева сол клубтың өкілдерінің бірі. Онда этносаралық қатынасты және қазақ тілін дамыту үшін бірнеше жобаларды қолға алған.

Қазақ тілінің өрісін онлайн-платформаларда көбейту қажет. Ол үшін көптеген салалар бойынша қазақша сапалы контенттерді түсіруіміз қажет, - дейді Анель Пимичева.

ҚХА өкілі қазіргі таңда жастар киберспортқа қатты қызығатынын, алайда контентті шет тілде тұтынуға мәжбүр екенін айтады.

Мені соңғы кездері орыс ретінде қабылдамайды. Мен құжат бойынша орыспын. Бірақ, дегенмен, мені бәрі өзіміздің сары қыз дейді. Ал өзімді "қазақтың орыс қызы" деп таныстырамын, - дейді Пимичева.

Сонымен қатар, ол биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы көптеген жобаларды қолға алғанын атап өтті. Ұйым тек этно-мәдени бірлестіктерден тұрмайды, сондай-ақ бірнеше кеңестері бар. Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі видеодан тыңдай аласыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы