Андрей Кораблев: Алғыс айту күні расында да ерекше мереке

1 наурыз - Алғыс айту күні барша қазақстандықтарды біріктіретін керемет күн. Атыраудағы "Былина" орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев айтулы мерекенің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Андрей Кораблевтың айтуынша, бұл мерекенің қазақ елін мекен еткен барша этнос өкілдері үшін ерекшелігі өте зор . Ассамблея мүшесі көктемнің алғашқы күнімен келетін айтулы күнге шын жүрегімен қуанатынын айтады.
Расында , алғыс айту сияқты тамаша дүние мерекелік күн болып бекітілгеніне шын жүректен өте қуаныштымын. Біз әдетте аса мұқият емеспіз және көбінесе біреуге көмек, көңіл немесе жақсы жұмыс үшін алғыс айтуды ұмытып кетеміз. Бірақ, бұл өте маңызды, өйткені жақсылық кішкентайдан басталады. Мерекенің негізі биыл 30 жылдығын атап өтетін Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні болғанын есте ұстаған жөн. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біз көпұлтты елімізді осы бірегей институттың арқасында сақтап қалдық. Қазақ халқына көп этностар қарыздар, себебі қазақтардың ақ көңілінің арқасында олар аман қалды. Қазір бұл мерекенің мәні жаңаша түрленді, өйткені алғыстың шекарасы жоқ, ол бәрімізді біріктіреді. Жүрегіміз қуанышқа толып, ортақ көңіліміз болашаққа көпір бола берсін. Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! , - дейді бірлестік төрағасы.