Андраденің келесі қарсыласы Головкин болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраде (29-0, 18 KO) келесі жекпе-жегінде екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жұдырықтаспайды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы америкалық боксшының промоутері Эдди Хирн мәлімдеді.
Сонымен қатар, Хирн Андраде кездесуі мүмкін төрт қарсыластың атын атады. Олар: Саул «Канело» Альварес, Геннадий Головкин, Джермалл Чарло және Хайме Мунгия.
Айта кетейік, Деметриус Андраде Майамидегі Island Gardens аренасында өткен соңғы жекпе-жегінде ирландиялық Люк Килэрді (17-3-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын үшінші рет қорғап қалған болатын. 31 қаңтарда өткен осы жекпе-жектен кейін Андраде 168 фунтқа көтеріліп, осы салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінің иегері Сондерспен жұдырықтасатынын мәлімдеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде май өндірісі 34% өсті
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы