Қандай бағыттағы пойыздар қысқарады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференцияда бас дәрігердің шешімін түсіндіру кезінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов айтты.
5 шілдеден бастап Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігімен келісіліп, "Алматы-Сарыағаш" уақытша пойызы тоқтайды. Уақытша 4 әлеуметтік маңыздағы пойыздың бағыты қысқарады: "Нұр-Сұлтан-Алматы", "Алматы-Павлодар", "Нұр-Сұлтан-Өскемен", "Нұр-Сұлтан-Достық", - деді ол.Асылхан Калдыкөзов бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, қала маңындағы пойыздар тоқтайтынын айтты.
22 бағыт бойынша қала маңындағы пойыздар уақытша тоқтайды. 8 бағыт бойынша жолаушылар тасымалының ортақ вагондары алынады. "Тальгоның" 6 пойызы бойынша орындар жабылады. Бұл бағыттар бойынша билет алып қойған жолаушылар, билетті қайтарып, ақша сомасын толық көлемде ала алады. Барлық билет кассасы штаттық режимде жұмыс істейді. Олар басқа пойыздарға билет сатып ала алады, - деді ол.Ол барша қазақстандықты санитарлық нормаларды сақтап, шыдамдылық сақтауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында карантиндік шаралар күшейтілуде
Өзгелердің жаңалығы