Қанат Исламның қарсыласы төрешілердің шешімімен келіспейді

Алматы, BAQ.KZ. Намбиялық боксшы Уолтер Каутондоква жекпе-жектен кейін журналистермен кездесуден бас тартты.

Рингтен шығып бара жатып ол кездесу нәтижесі әділ болмағанын айтып, баспасөз өкілдерімен тілдескісі келмеді.

Кеше Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өткен кәсіби бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен Намибиядан келген Вальтер Каутондоква (18-1, 17 КО) рингке шыққан болатын.

Исламға тиесілі орта салмақтағы WBO халықаралық чемпионының белбеуі сарапқа салынды. Төрешілердің шешімімен Қанат жеңіп, өз атағын сәтті қорғады. Ал, Вальтер Каутондоква мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ ол жекпе-жектің бесінші раундында нокдаунға түсті. 

Өткен жылы намибиялық боксшы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі үшін америкалық Деметриус Андрадемен (28-0, 17 КО) жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңіліп қалған болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы