Қанат Ислам алдағы жекпе-жегіне дайындалып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BoxRec хабарлағандай, Олимпиада ойындарының, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегері болған Қанат Ислам 16 қазан күні шаршы алаңға шығады. 

Бокс кеші АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтеді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

Екі жыл бойы рингке шықпаған Қанат Ислам 2019 жылы екі жекпе-жек өткізді: біріншісінде ол доминикандық Хулио Де Хесусты сөзсіз ұтса, екіншісінде африкалық Уолтер Каутондокваны даулы шешіммен жеңді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы