Анасын сан соқтырған бойжеткен

Полиция қызметкерлері анасын алдамақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан  үйіне еркін түрде белгісіз тұлғалардың кіріп,алтын бұйымдары мен «Apple watch» маркалы смарт сағатын ұрлап кеткенi туралы хабарлама түскен. 

Полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шарасы барысында қылмысқа қатысы бар деген күдiкпен арызданушының 19 жастағы туған қызы анықталды. 

Күдіктінің айтуынша ол несиеге айфон маркалы ұялы телефонын сатып алып, өздігінен өтей алмаған соң осындай әрекетке барған. Ұрлаған заттарды ломбардқа өткізіп, несиесін өтеген. 

Күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1- бөлігімен (Ұрлық) тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Тараз қаласы Полиция басқармасы
Өзгелердің жаңалығы