"Анасын қатты жақсы көрсе...": Әшімбаев Мәжілістегі жағдай туралы

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев кеше Мәжіліс отырысында болған жайтқа қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетейік, кеше Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров тікелей залда отырып, анасын туған күнімен құттықтаған болатын.

Бұл жайтқа байланысты журналистер Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтан мұндай әрекеттің қаншалықты орынды екенін сұрады.

Әрине, Сенат спикері ретінде Мәжіліс депутаттарының айтқан сөздеріне пікір білдіруім онша дұрыс бола қоймас. Сондықтан бұл жөнінде пікір білдірмей-ақ қояйын, – деді Сенат төрағасы кулуарда берген сұхбатында.

Ал "Мұндай жағдай Сенатта орын алуы мүмкін бе?" деген сауалға Әшімбаев жымиып:

Егер сенаторлардың бірі анасын өте қатты жақсы көрсе, бәлкім мүмкін де шығар. Бірақ әзірге ондай жағдай болған емес, – деп жауап берді.

Еске салайық, бұған дейін депутат Ардақ Назаров Мәжілісте анасын туған күнімен құттықтады

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы