Анасын іздеген Жәнібек: Қылмыстық іс қозғалды

Бүгін Сенат кулуарында ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаевқа Еуропадан ата-анасын іздеп келген Жәнібекке қатысты сауал қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тілші: Адам саудасына қатысты сұрақ. 2000 жылдары балаларды асырап алу мәселесі өте өзекті болды. Еуропадан ата-анасын іздеп келген Жәнібекті білесіз бе? Полиция осы дерек бойынша қандай да бір қылмыстық іс қозғады ма?

Қылмыстық іс қозғалды. Оның (Жәнібектің) қашан және қандай себепке байланысты шетелге кеткені анықталып жатыр. Әке-шешесін полиция іздеп жатыр, - деді Марат Қожаев.

Сондай-ақ ол "қазір Жәнібектің оқиғасы сияқты істер бар деп айта алмаймын" деп қысқа қайырды.

Бұған дейін Қожаев Қонаев қаласындағы атысқа қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар ол қызын тұншықтырып, өзі суицид жасаған әйелге қатысты тың мәлімет айтты.

 ІІМ бірінші орынбасары ШЫҰ саммиті кезінде блок-бекеттер қойыла ма деген сауалға да жауап берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қымбат Досжанның әлеуметтік желідегі парақшасынан
Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы