Анасы ауырды деп ақша сұраған алаяқ 3 жылға сотталды
Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты алаяқтық жасағаны үшін елорда тұрғынын соттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана тұрғыны «Вконтакте» әлеуметтік желісінде шынайы адамдардың аты-жөнімен жалған парақшалар ашып, өзін солар деп көрсетіп, анасының ауруын сылтауратып, оның еміне ақша аударуды сұраған. Салдарынан, 14 жәбірленушіге 247 мың теңге материалдық шығын келтірілген.
Сотталушының мойындауларынан басқа, оның кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, хат-хабарлардың скриншоттарымен, Kaspi.kz мобильді интернет-банкингінің түбіртектерімен, үзінді көшірмелермен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын толығымен өтелді, - деді сот.
Сот үкімімен Т. алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығын мәжбүрлі еңбекке тарта отырып шектеу жазасы тағайындалды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.