Анастасия Городко Қазақстанға Универсиаданың екінші алтын медалін сыйлады

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Универсиадада екінші мәрте жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Параллель могулда финалға қазақстандық спортшылар Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова шықты. Шешуші сайыста Городко жеңіске жетті. Ол бұған дейін могул сайысында да алтын медаль иеленген еді.

Сонымен қатар ерлер арасындағы параллель могулда Антон Бондарев күміс медаль иеленді. Ол финалда жапондық Шиме Кавокеге жол берді.

Осылайша, отандастарымыз Қазақстан қоржынына төрт медаль түсірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы