Анастасия Городко Еуропа кубогіндегі үшінші медалін жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцарияда өтіп жатқан фристайл-могулдан Еуропа кубогінде қазақстандық Анастасия Городко үшінші медалін жеңіп алды, деп жазды Olympic.kz. 

Бұл жолы спортшы жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Ал алтын жүлде германиялық Софи Вессенің еншісінде. Үшінші орында тағы бір германиялық спортшы Ханна Вессе жеңіп алды. 

Айта кетейік, Анастасия Городко Еуропа кубогіндегі үшінші жүлдесін иеленіп отыр. Бұған дейін ол екі рет алтын алған болатын. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы