Анастасия Городко Әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл могулдан Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады prosports.kz.

Бірінші орынды АҚШ спортшысы Елизабет Лемли иеленсе, үздік үштікті де америкалық Алли Маккуга қорытындылады.

Естеріңізге сала кетейік, 16 жастағы отандасымыз былтырғы жылы Алматыда өткен Әлем чемпионатында паралельді могулден қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы