8 Қаңтар 2025 2025, 16:00 Фото: ҰОК

Анастасия Городко әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фристайл-могулдан Анастасия Городко әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Фристайл-могулдан Анастасия Городко әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шымбұлақта өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей сынында отандасымыз 2-орын иеленді.

Суперфиналда ол 70.79 ұпай жинады. Алтын жүлдені Юма Тагучи (Жапония)–72.43 ұпай алса, Мисе Куриаға (Жапония)– 66.63 ұпаймен қола медаль бұйырды. Анастасия бұған дейін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарында алтын және екі күміс жүлде жеңіп алған.