#АнашымМаскаТақтыңызБа атты республикалық челлендж басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде республикалық #АнашымМаскаТақтыңызБа челленджі басталды. Челлендждің бастамашысы "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Садвакасова.
Динара Садвакасова барлық қазақстандықтарды #АнашымМаскаТақтыңызБа атты челленджді қолдауға шақырды.
Сонымен қатар, челленджді жасұландықтар және Ержан Максим, Аминка-Витаминка, Данэлия Тулешова, Адина-Мадина сияқты дарынды балалар қолдап жатыр.
Челлендждің негізгі мақсаты - аналарымыз бен жақындарымызға қамқор болу. Оған қатысу үшін маска киген анаңызбен бірге түскен суретті немесе видеоны әлеуметтік желілерге жариялап, #АнашымМаскаТақтыңызБа хештегін қойып, @jasulan_qz парақшасын белгілеу қажет, - деп жазды "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәрі тапшылығы әлі де бар – Азат Перуашев
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы