23 Ақпан 2025 2025, 23:19
Фото: pixabay.com
Аналары дүкенге кеткенде үш сәби өрттен қаза тапты
Ресейдің Қорған облысында аналары дүкенге кеткенде үш бала өрттен қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресейдің Қорған облысында аналары дүкенге кеткенде үш бала өрттен қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Gazeta.ru таратқан мәліметке сәйкес, бес баланың анасы кішілерін жеті жастағы үлкен қызына қалдырып, сыртқа шығып кеткен. Әйел адам дүкенге жылдам барып келемін деп ойлағанымен, жеке үй өртке оранған.
Балалар тілсіз жаудың қолында қалып, мерт болды.
Жеті жастағы қыз бала тек төрт айлық інісін ғана құтқарып үлгерген.
Өрт сөндірушілер төрт ұл баланың мәйітін тапты. Төрт жастағы егіздер мен үш жастағы сәби ажал құшты.