Аналары әскердегі балаларының қызмет орнымен танысты
"Әскер аналар көзімен" бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысынан "Астана" өңірлік қолбасшылығының 85510 әскери бөліміне мерзімді борышын өтеп жүрген жауынгерлердің аналары келді.
Аналар сарбаздардың тұрмыстық жағдайымен, қызмет өткеру тәртібімен танысты, оларға әскерде қауіпсіздікті қалай бақылап отырғаны айтылды.
Мерзімді қызмет әскери қызметшісінің әжесі Күлзат Балтабаева сарбаздарға жасалған жағдай туралы өз пікірін білдірді.
Аналар қашанда үйден тыста жүрген балаларын уайымдайды. Әскери бөлімде біз казармаларды, оқу сыныптарын, монша-кір жуатын бөлмелерді, асханаларды араладық, офицерлермен және сарбаздармен сөйлестік. Барлық бөлмелер жөнделген. Сарбаздардың жеке шкафтары бар екен. Ең бастысы – балаларымыз тоқ, олардың көңіл-күйлері жақсы, – деді ол.
Сарбаздармен мұндай күтпеген кездесу Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен сарбаздар аналары комитетінің қолдауымен ұйымдастырған жобаның арқасында өтті.
Ата-аналар балалары үшін уайымдамауы үшін "Әскер аналардың көзімен" бағдарламасы аясында осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Еліміздің оңтүстік және батыс өңірлеріне де сапарлар жоспарланған, ол жақта да біздің балалар қызмет етеді, – деді жоба менеджері Тимур Әлжанов жоспарларымен бөлісті.
Әскери бөлімді аралаған соң ата-аналар сарбаздарға дастархан жайып, үйлерінен пісіріп әкелген тәттілермен шәй берді. Ал ата-анасы келе алмағандар туысқандарымен бейне қоңырау арқылы сөйлесті.