Анак Джут Дахалд: Қазақстан әлемдік дін лидерлерін тоғыстырды

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінде форумға қатысушылардың бірі, діни қайраткер Анак Джут Дахалд Қазақстан бастамасының маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сондай-ақ ол елімізге конгресті ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Бұл өте үлкен әрі аса маңызды жиын. Қазақстан осындай алаңды құрып, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерін жинауы – дұрыс қадам деп ойлаймын. Бұл өзара қарым-қатынасты нығайтып, жақсы әлем құру жолында бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті ол.

Айтуынша, съезден күтілетін басты үміт – бейбітшілік пен өзара түсіністі нығайту.

Біз бұл съезден бейбітшілік пен рухани ағартушылық күтеміз. Әлемдік діндердің өкілдерін осылай бас қосуы – үлкен мүмкіндік. Бізде бұл форумнан үлкен үміт бар, – деді Дахалд.

Сондай-ақ ол дін лидерлеріне тікелей диалог орнатуға жағдай жасағаны үшін Қазақстан билігіне ризашылығын жеткізді.

Қазақстан үкіметіне осындай бірегей алаң ұсынғаны үшін алғыс айтқым келеді. Үлкен рақмет, – деді Анак Джут Дахалд.

Айта кетейік, бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы