Ана атанған 9-сынып оқушысына қатысты жаңа деректер пайда болды
Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысының босанғаны туралы ақпаратты облыстық білім басқармасы растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол Ойыл орта мектебінің тоғызыншы сыныбында оқиды. Толық емес отбасында тәрбиеленген. Қазір перзентханада. Басқа ақпарат таратуға жатпайды, - делінген басқарманың ресми хабарламасында.
Белгілі болғандай, қыз бала жуырда, яғни қыркүйек айында жоспарлы медициналық тексеруден өткен. Алайда сол кезде дәрігерлер оның жүкті екенін анықтамаған.
Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің әрекетіне баға беру үшін арнайы комиссия құрған.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұған дейін полиция күдікті ер адамның ұсталып, қамауға алынғанын хабарлаған болатын.
Тергеу және комиссия қорытындысы облыстық прокуратура мен білім басқармасының бақылауында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы